02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №370

342 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 23 маусым Астана, Үкімет Үйі «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 наурыздағы №168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 маусымдағы №370 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы-2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында: «Кіріспе» деген 2-бөлімде: «Негізгі терминдер мен анықтамалар» деген кіші бөлімде: мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;»; «Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері, оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде: «Міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде: 3-тармақта: «Өңдеуші өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемін ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер» деген 4-кестеде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын: « 4 Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру ұсынылған (толық қаржыландырылған) жобалардың саны 3 - - - - 3 »; «Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер» деген 9-кестеде: реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 4 Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру кезінде жұмсалғ­ан шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12 13 10 10 10 55 »; «Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер» деген 10-кестеде: реттік нөмірлері 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 2 Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 3 3 3 3 17 3 Технологиялық процестерді жетілдіру кезінде жұмсалған шығындары өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 9 10 10 10 47 4 Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру кезінде кәсіпкерлер жұмсаған шығындар өтелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 4 3 3 3 14 »; «Бағдарламаның негізгі бағыттары» деген 5-бөлімде: «Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.»; «Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 22-2-тармақпен толықтырылсын: «22-2. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.»; 51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «51. Кредит ресурстары микроқаржы ұйымдарына мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, нысаналы пайдалану және қамтамасыз ету шарттарында не қаржылық орнықты микроқаржы ұйымдарына үшін қамтамасыз етусіз беріледі. 52. Микрокредиттер беру мынадай тәсілмен жүзеге асырылады: 1) шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарлама шеңберінде микрокредит беру мәселесі бойынша консультациялар aлу үшін МУҰ-ға және (немесе) микроқаржы ұйымдарына өтініш білдіреді; 2) шағын кәсіпкерлік субъектісі жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және МУҰ-ға, Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтінімдерді қабылдауды Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған микроқаржы ұйымы жүзеге асырады); 3) МУҰ, микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдайды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаны бағалауды, қорытынды беруді және микрокредит берудің мүмкін (немесе мүмкін емес) екені туралы шешім қабылдауды микроқаржы ұйымы жүзеге асырады); 4) микроқаржы ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне дейінгі мерзімде МУҰ-ға Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат береді. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру қағидаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, МУҰ-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беруіне жол берілмейді.»; «Жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау» деген кіші бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау»; 55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «55. Шағын кәсіпкерлік субъектілері микроқаржы ұйымдарынан бюджеттен тыс көздерден алған микрокредиттер микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады. 56. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды салалық шектеулерсіз шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда іске асыруға берілетін жаңа микрокредиттер бойынша қаржы агенттігі жүзеге асырады.»; 58-тармақ алып тасталсын; 59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «59. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттер де субсидиялауға жатады.»; 62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «62. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындық мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысуға алынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша субсидиялау мөлшерлемесі 14 %-ды құрайды.»; 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «65. Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру уәкілетті органның қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бөлінген қаражаттың барлық сомасын аударуы жолымен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 66. Қаржы агенттігі микроқаржы ұйымдарын Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау мәселелері бойынша хабардар етеді.»; 68, 69, 70, 72, 73, 74 және 75-тармақтар алып тасталсын; 76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «76. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.»; 78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «78. Микроқаржы ұйымдары үшін ішінара кепілдікті қаржы агенттігі береді. 79. Микроқаржы ұйымдарының банктер алдындағы кредиттеріне кепілдік беруді қаржыландыру уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.»; 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89 және 90-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «82. Кредиттің нысаналы пайдаланылмауы, Бағдарлама шарттарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдіктер беру туралы шешімінде белгіленген шарттардың орындалмауы фактілері анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдіктің күшін жояды. 83. Микроқаржы ұйымы ішінара кепілдік алу үшін банкке қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит алуға өтініш береді. 84. Банк өз бетінше ішкі құжаттарда белгіленген рәсімге сәйкес микроқаржы ұйымының қызметіне бағалау жүргізеді және ұсынылған ақпарат пен кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде қамтамасыз етудің кепіл құнына бағалау жүргізеді, одан кейін қаржы агенттігінің кепілдігімен микроқаржы ұйымын қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Микроқаржы ұйымын қаржыландыру жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді. 85. Қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде банк ұсынған құжаттарды қарайды және ішінара кепілдік беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды. Ішінара кепілдік беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда қаржы агенттігі банкке кепілдік берудің мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хат жібереді. 86. Қаржы агенттігінің оң шешімі туралы хатын алғаннан кейін банк микроқаржы ұйымына қажетті кепілдік сомасының есептемесін көрсете отырып, жасалатын кредит шарттары туралы тиісті хат ұсынады. 87. Банк пен микроқаржы ұйымы арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенттігі және микроқаржы ұйымы микрокредит беру жөнінде кепілдік шартына қол қояды. 88. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың басында қаржы агенттігіне микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады. 89. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарының жасалуына қарай жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін қаржы агенттігіне аударылады. 90. Қаржы агенттігі жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеу үшін тиісті қаржы жылына бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана жобалар бойынша құжаттарды қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатын игеру болып табылады.»; 91-тармақ алып тасталсын; 93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «93. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді: 1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 2) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру; 3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту; 4) индустриялық аймақтары құру; 5) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.»; мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын: «95-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.»; «Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру» деген кіші бөлімде: мынадай мазмұндағы 117-2-тармақпен толықтырылсын: «117-2. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.». 163-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын: «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру 163-1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12640 болып тіркелген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге «Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ ұсынады. 163-2. Кәсіпкер ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды пайдалану кезінде жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуге тиіс. 163-3. Лизинг мәнінің құны кемінде 150 млн. теңге болуға тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 75 млн. теңге). 163-4. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі өтінім беруші үшін 5 % құрауға тиiс, бұл ретте «ҚДБ-Лизинг» АҚ бюджеттік кредиті мен өзге де қорландыру құралдарының қатынасы 80/20 құрауға тиіс. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну көлемін ұлғайту мақсатында осы Бағдарламада айқындалған шарттармен өтелген лизингтік төлемдер есебінен ақша қаражатын қайта пайдалануға жол беріледі. Осы талаптар «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде 2011–2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады. 163-5. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін кәсіпкер «ҚДБ-Лизинг» АҚ-қа мынадай құжаттар топтамасын ұсынады: 1) бірінші басшының, бас бухгалтердің (бар болса) қолдары қойылған және мөрмен расталған өтінім; 2) өтінім берушінің Бағдарлама талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсететін жобаның паспорты. Жоба паспортының нысаны Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларымен бекітілген; 3) бизнес-жоспар, жобаның ТЭН-і, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне сәйкес әзірленген кешенді жоспар; 4) бірінші басшы қол қойған және мөрмен расталған сауалнама; 5) кредиттік тарих субъектісінің (заңды және жеке тұлғаның) кредит бюросына ол туралы ақпаратты беруге және кредиттік тарихы туралы ақпарат алуға кредиттік тарих субъектісінің бірінші басшысы, «ҚДБ-Лизинг» АҚ тарапынан басқарма төрағасы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қойған келісімі; 6) әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмесі/электрондық түрде тіркелген заңды тұлға туралы анықтама; 7) қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік (бар болса); 8) құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты, жарғы) нотариус куәландырған көшірмелері, әділет органдарында тіркелген өзгерістер мен толықтырулар/әділет органының алғаны туралы белгісі бар енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарламалар; 9) жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органынан анықтаманың түпнұсқасы және/немесе электрондық құжат; 10) бірінші басшыны сайлау/тағайындау туралы мөрмен расталған шешімнің немесе бұйрықтың нотариус куәландырған көшірмесі түрінде, бірінші басшының лауазымға кірісуі туралы бұйрық, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық, бас бухгалтерге немесе өзге тұлғаларға төлем, қаржы және өзге құжаттарға қол қою құқығына өкілеттік беру туралы бұйрық; 11) жарғылық капиталдың қалыптастырылуын растайтын құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері не мөрмен расталған көшірмелері (төлем тапсырмасы, кіріс кассалық ордер, жарғылық капиталды мүлікпен қалыптастырған кезде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі, ақшаны және басқаларды қоспағанда мүліктің тәуелсіз бағасы); 12) лизинг алушының ұйымдық-құқықтық нысаны – акционерлік қоғам болған жағдайда, акция­лардың 5 және одан да көп % иелері туралы бағалы қағаздар иелерінің тізілімі жүйесінен үзінді; 13) өтінім берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны – жауапкершілігі шектеулі серіктестік болған жағдайда (серіктестік тізілімін жүргізуге шарт болған жағдайда) серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесіне меншік құқығын растау туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары тізілімінен үзінді; 14) әлеуетті лизинг алушының атынан, егер бұл тұлға әлеуетті лизинг алушының өкілі болып табылса құжаттарға және «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен жасалатын шарттарға қол қою құқығына тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат (хаттамадан үзінді, сенімхат); 15) бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе әлеуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның (егер әлеуетті лизинг алушының мүддесін сенімхат бойынша өкілі білдірген жағдайда) қолдарының үлгілері бар және әлеуетті лизинг алушы мөрінің таңбасы бар нотариус куәландырған құжат; 16) әлеуетті лизинг алушының бірінші басшының, бас бухгалтердің немесе сенімхат негізінде әлуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның нотариус куәландырған жеке куәліктерінің көшірмелері; 17) құжаттардың мөрмен расталған көшірмелері: жеке тұлға үшін – жеке куәлік, заңды тұлға үшін – жарғы, заңды тұлғаның атқарушы органын (бірінші басшысын) тағайындау туралы құрылтайшылар шешімі; 18) акцияларды орналастырудың қорытындысы туралы есептердің көшірмелері, барлық өзге­рістері мен толықтырулары бар акцияларды шығару проспектісі, акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, аффилийрленген тұлғалар (акционерлік қоғамдар үшін) туралы мәліметтер; 19) соңғы үш жылдың және соңғы есепті күнге (тоқсан, жартыжылдық, 9 ай) (акционерлік қоғамдар үшін жылдық қаржылық есептілік аудитпен расталуы тиіс) әлеуетті лизинг алушының қаржылық құжаттары (БҚЖК бойынша № 1, 2, 3 және 4 нысандар); 20) сомаларын, мерзімдерін көрсете отырып кредиторлық, дебиторлық және қаржы берешектерін және оның қалыптасу себептерін, 3 айдан артық мерзімге кешіктірілген кредиторлық берешекті өтеу және дебиторлық берешекті қайтару бойынша жүргізілетін іс-шараларды таратып жазу, сондай-ақ баланс валютасынан 20 % асатын бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу; 21) «негізгі құралдар» деген бухгалтерлік баланс баптарын таратып жазу; 22) қызмет көрсететін банктерден соңғы 12 айдың банктік шоттары бойынша ай сайынғы айналымды көрсете отырып, банк шоттарының бары туралы, несие/мерзімі өткен несие берешек, несие/мерзімі өткен несие берешек сомасының бар болуы немесе болмауы туралы анықтама, картотека бойынша мәліметтер, сондай-ақ лизинг алушының өзге банктік шоттарының бар/жоғы туралы хаты; 23) салықтар және бюджетке және зейнетақы қорына басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар болуы немесе жоқтығы туралы салыстыру актісін қоса бере отырып, салық комитетінің анықтамасы; 24) қолданыстағы қарыз, кредиттік желі, қаржылық лизинг шарттарының және ақша қаражатын тарту бойынша өзге де шарттардың көшірмелері; 25) қосымшалары, ерекшеліктері және барлық өзгерістері мен толықтырулары (мұндайлар болған жағдайда) қоса берілген шарттар және/немесе алдын ала жасалатын шарттар (дайын өнімді өткізу, қызмет көрсету бойынша); 26) әлуетті лизинг алушы қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттардың, лицензиялардың және өзге де құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері және/немесе электрондық құжаты; 27) жобаның іске асырылуы болжанатын жер учаскесіне меншік құқығын/иелену және пайдалану (жалдау) құқығын растайтын (құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары) құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері; 28) лизинг заттарына құжаттар: құнын, жеткізу талаптарын, жеткізу мерзімдерін, кепілді мерзімін, кепілді мерзімнен кейінгі қызмет көрсетудің бар/жоғын және шарттарын көрсете отырып, сатып алынатын лизинг заттарына коммерциялық ұсыныс; лизинг заттарына (арнайы техниканы және өзге лизинг заттарын қоспағанда жабдыққа) техникалық құжаттаманың көшірмелері: өнімділікті, энергия тұтынуды, жабдық габариттерін, орындау және жарақтандыру параметрлерін, жұмыс жылдамдығы мен режимін, пайдалы қызмет мерзімін қоса алғанда, конструкциясын, негізгі техникалық сипаттамасы мен жиынтықталуын сипаттай отырып, сатып алынатын лизинг заттарына техникалық ұсыныс; басқа өнім берушілерден ұқсас жабдыққа баламалы техникалық және коммерциялық ұсыныстар; СЭҚ ТН кодын беру бойынша брокерлік компанияның қорытындысы, келісімшарт болған жағдайда кеден органынан КО СЭҚ ТН кодының алдын ала шешімі беріледі (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер); лизинг заттары үшін үй-жайлар мен инфрақұрылымға арналған техникалық құжаттаманың көшірмелері (арнайы техника, автокөлік және өзге лизинг заттарын қоспағанда, жабдыққа): жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін), қосалқы үй-жайларға (ілеспе өндіріске) және инженерлік инфрақұрылымға техникалық паспорттар; жаңа, салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілеріне (лизинг заттарын орналастыру үшін) және қосалқы үй-жайларға жобалау және құрылыстың нақты дайын кезеңінің құжаттары беріледі (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, құрылысқа рұқсат, қабылдау комиссиясының актісі және басқалар). Техникалық паспорт оларды алу шамасына қарай беріледі; лизинг заттарын орналастыруға арналған (қажет болған жағдайда) жылжымайтын мүліктің жоспарланатын құрылысына, реконструкциясына, күрделі жөнделуіне (егер жөндеу жүргізген кезде конструкциялық немесе тіреу элементтері, сондай-ақ көлемді сипаттамалары мен ғимараттың қауіпсіздігі өзгерсе) жобалау-сметалық құжаттама (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер); лизинг заттарының пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін (қажет болған жағдайда) инженерлік инфрақұрылымның жобалау немесе техникалық құжаттамасы (түпнұсқалар және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер) (құрылыс жобасы немесе инженерлік желілерге, жүйелерге немесе коммуникацияларға техникалық паспорт пен талаптар); негізгі өнім берушіні таңдауға негіз болған өлшемшарттар мен параметрлерді көрсете отырып, бағалардың егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауын, техникалық сипаттамаларын, өндірістің технологиялық әдістерін қоса алғанда, негізгі және балама коммерциялық және техникалық ұсыныстардың салыстырмалы бәсекелес талдау; сатып алынатын жабдыққа және басқаға сертификаттар, сондай-ақ дилерлік сертификаттар (авторландыру); дайын өнімді өткізуге арналған алдын ала жасалған шарттар болған кезде конструкциясын, қасиеттерін, қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сәйкестігін көрсете отырып, сатып алынатын жабдыққа арнап шығару жоспарланатын бұйым ассортиментінің сипаттамасы; жаңа өндіріс құрылған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды түбегейлі жаңғыртқан кезде, технологиялық жоба ұсынылады; 29) ҚОӘАБ сатысында кейіннен ҚОӘБ мен ҚОҚ сатыларында қорытындылар (түпнұсқа және/немесе нотариус куәландырған көшірмелер) ұсынбай мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы (инвестициялар, сондай-ақ ТЭН, ТЭЕ, бизнес-жоспарлар және басқа жобалау алдындағы құжаттардың негіздемесі); 30) лизинг заттарын сатушылардың құжаттары: қазақстандық заңды тұлғалар үшін: жарғының; мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың; салық төлеуші куәлігінің; сатушының уәкілетті органының атқарушы органды (бірінші басшыны) тағайындау туралы шешімінің; атқарушы органның (бірінші басшының) лауазымға кірісуі туралы бұйрығының; бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжаттың; заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын қоспағанда); мемлекеттік лицензияның (егер клиенттің қызметі «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланған жағдайда); әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректерінің нотариус куәландырған көшірмелері; шетелдік заңды тұлғалар үшін апостиль қойылған және/немесе нотариус куәландырған аудармасы бар заңдастырылған құжаттардың; құрылтай құжаттарының; жарғының (болған жағдайда); ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен (аудармасы бар нотариус куәландырған көшірмелер) операцияларды жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға өкілеттігі (-ктері) бар лауазымды тұлғаның (-лардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмелері; ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қою құқығына тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат; заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттар (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда); заңды тұлға орналасқан жердің мекенжайын куәландыратын құжат; әлеуетті өнім берушінің (сатушының) сауалнамалық деректері; 31) қамтамасыз ету бойынша құжаттар (кепілдіктер, кепілгерлік, кепілзаттар және басқалар); 32) лизинг затын қаржылық лизинг шарттарында сатып алу, сатушыны таңдау, лизинг мерзімі, лизингтік мәміле шеңберінде әлеуетті лизинг алушының атынан шарттарға қол қою үшін тұлғаға өкілеттік беру, мүлікті кепілге беру және мүлікті соттан тыс сатуға келісім (мүлікті кепілге берген жағдайда) туралы әлеуетті лизинг алушының уәкілетті органы шешімінің (жалғыз қатысушының шешімі немесе қатысушылардың жалпы жиналысының немесе акционерлер жалпы жиналысының немесе қоғам директорлары кеңесінің хаттамасы немесе егер бір тұлғалы орган болса, қоғамның атқарушы органының бұйрығы немесе егер құзыретіне байланысты алқалы орган болса, басқарма хаттамасы) көшірмелері.»; 163-6. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынғаннан кейін «ҚДБ-Лизинг» АҚ осы Бағдарламаның 163-1-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігін тексеруді, ішкі нормативтік құжаттарда көзделген тәртіпте және мерзімдерде индустриялық-инновациялық жобаның сараптамасын жүзеге асырады. 163-7. Оң шешім болған жағдайда «ҚДБ-Лизинг» АҚ пен кәсіпкер қаржы лизингі шартын жасасады. 163-8. «ҚДБ-Лизинг» АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты мен кәсіпкерді мұндай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну туралы қабылданған шешім бойынша хабардар етеді. 163-9. «ҚДБ-Лизинг» АҚ пен кәсіпкердің арасында қаржы лизингі шарты жасалғаннан кейін «ҚДБ-Лизинг» АҚ Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен және кәсіпкермен Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісім жасасады. Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысанын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кәсіпкер Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімге сәйкес еңбек өнімділігін ұлғайтады.»; «Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» деген кіші бөлімде: 171-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «171. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, банк:»; 172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «172. Егер банк кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан кем болған жағдайда, онда оның 6 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.»; 175-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «175. Лизингтік компаниялардың/банктің/Даму банкінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизинг шарттары бойынша да субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк/Даму банкі:»; «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы» деген кіші бөлімде: 276 және 277-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «276. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы сарапшыларды тарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру, озық өндірістік тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерін оқытуға, даярлауға және/немесе қайта даярлауға бағытталған. 277. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырған кәсіпкерлерге ұсынылады.»; 279-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «279. «Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру» құрауышы шеңберінде: 1) өтінім берілген күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын 40 (қырық) пайыз, бірақ жылына 1 (бір) қызметкерге 2 миллион теңгеден және бір кәсіпорын бойынша 15 (он бес) қызметкерден аспайтын мөлшерде, кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерін даярлауға және/немесе қайта даярлауға кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтеу; 2) өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын, 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ жылына 1 (бір) маманға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын, бір кәсіпорын бойынша жылына 3 (үш) маманнан көп емес сарапшыларды тарту жолымен озық өндірістік практикаларды енгізуге кәсіпорын жұмсаған шығындарды өтеу көзделеді.»; 280-тармақта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына өтініш берушінің қол қоюы үшін құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімді 2 данада қоса бере отырып, хабарлама жібереді. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін бір данасын құрауыш операторына қайтарады;»; 283-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) кейіннен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін құрауыш операторының құрауыштың іске асырылуына мониторинг жүргізуі мақсатында өтініш берушінің құрауыш операторына Шығындарды өтеу туралы келісім жасалғанға дейін 2 (екі) жыл бұрынғы және жасалғаннан 2 (екі) жыл кейінгі деректерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен құрауыш операторына таратуға келісім беруі;»; «Кәсіпорындарды технологиялық дамыту» құралы» деген кіші бөлімде: 324-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау»;»; «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы» деген кіші бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы»: 325, 326, 327 және 328-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «325. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» бөлімі шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларын іске асыру шеңберінде карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға бағытталған. 326. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында айқындалған индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын немесе экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметті жүзеге асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге ұсынылады. 327. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышының шеңберінде үшінші тұлғалар көрсеткен қызметтер үшін шығындарды өтеу жүзеге асырылады. 328. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау» құрауышы шеңберінде: «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» бөлімі және Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын іске асыру шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге кәсіпорын жұмсаған шығынды 50 (елу) пайызы мөлшерінде, бірақ 2 (екі) миллионнан аспайтын көлемде өтеу; карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау үшін өтінім берілген күнге дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын кәсіпорын жұмсаған шығындарды 50 (елу) пайызы мөлшерінде, бірақ 15 миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеу көзделеді.»; 329-тармақта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) құрауыш операторы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен 10 (он) жұмыс күні ішінде берілген өтінім мен оған қоса берілетін құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және шығындарды өтеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған жағдайда, құрауыш операторы қаржылай емес қолдау операторына құрауыш операторы қол қойған Шығындарды өтеу туралы келісімнің қосымшаларымен бірге хабарламаны 2 (екі) данада өтініш берушінің қол қоюы үшін жібереді. Шығындарды өтеу туралы келісімге өтініш беруші қол қойғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы бір данасын Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен құрауышты одан әрі іске асыру үшін құрауыш операторына қайтарады;»; 332-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: